Қыз танысу

lat: Qyz tanysý

э т н. Ұзатылатын қыздың тойы қарсаңында ел-жұртымен, туған-туыстарымен қоштасу салты.

Қыздың туған-туысқандарымен қоштасуын қазақта «қызтанысу» деп атайды (ҚазССР тарихы).

Әдет-ғұрып бойынша ұзатылатын қыз өзінің дос-жаран қыздарымен өз аулының, жақын ауылдардың әрбір үйіне қоштасу жырын айтып кіріп шығады. Қыздың туған- туысқандармен бұл қоштасуын қазақта қызтанысу деп атайды (М.Әуезов, Тол. жин.).